ЖАҢАЛЫҚТАР
Премьера: Тахауи Ахтановтың комедиясы сахналанады
Қойылым желісі бойынша ауылда өскен, салт-дәстүрді бойына сіңірген жігіт қалаға келіп, мүлде басқа өмірге тап болады. Бір жағында – ата-баба салт-дәстүрі, үлкенге құрмет, қарапайым тіршілік. Екінші жағында – қала мәдениеті, жаңа көзқарас, басқа тәртіп. Ең қиыны – тіл мәселесі. Өз үйіңдей елде жүріп, өз тіліңе өгей болу, бір-бірін толық түсіне алмау, ана тілдің қадірін кеш сезіну – бәрі күлкілі көрінгенімен, астарында үлкен шындық жатыр. Бұл – бір адамның ғана емес, бүгінгі қоғамның әңгімесі.
Қойылым режиссері – Жангелді Садықов.
Суретші – Айсұлу Шарипова
Костюм суретшісі – Зейнеп Арықпанова.
Комедия жанрындағы премьералық қойылым 20, 21, 22 мамыр күндеріне жоспарланған. Спекакль қазақ тілінде өтеді, орыс тілінде синхронды аударма қарастырылған.
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры
12.05

