Меню KDT

ЖАҢАЛЫҚТАР

Республика күніне орай әріптесіміз марапатқа ие болды

ҚР Республика күніне орай, театрымыздың белді актері, кәсіби маман Гүлжанат Омарова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

 

Омарова Гүлжанат Мұхабылқызы 1989 жылы Т.Жүргенов атындағы театр және өнер институтын ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, профессор Хадиша Бөкееваның шеберханасынан тәмамдады. 1990 жылы Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалы драма театрының ашылуына орай осы өнер шаңырағына келді.

Актриса «Айман - Шолпан»,  «Король Лир»,  «Сильва»,  «Кене хан», «Шағала», «Жәмила», «Оян қазақ, ойлан қазақ», «Шарана», «Ұждан» және тағы да басқа 30-дан астам қойылымдарда маңызды ролдерді сомдаған. Көптеген республикалық және халықаралық театрлар фестивалдерінде жүлделі орындарға ие болды. ҚР «Мәдениет саласының үздігі», «Дара» төсбелгісінің, Театр қайраткерлері одағының «Еңлікгүл» сыйлығының және Құрмет грамотасының иегері. «Павлодар облысына 75 жыл», «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалдарымен марапатталған,

Әріптесімізді ұжым атынан мерекелік марапатымен құттықтаймыз!

 

Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры 24.10
0