Меню KDT

ЖАҢАЛЫҚТАР

АЙМАУЫТОВ ТЕАТРЫ ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМДАРМЕН ТОЛЫҒУДА

Театрымыздың бас режиссері Сергей Левицкий жуырда премьерасы болатын «Трудно быть Джудит» ересектер мен балаларға арналған ертегісін көркемдік кеңеске тапсырды. Ерекше формадағы қойылым 2024 жылдың маусым айына жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, «Қазақ вальсінің королі» атанған Шәмші Қалдаяқовқа арнайы пьеса жазылып, театрымыздың көркемдік жетекшісі, режиссер Әділет Ақанов пен автор Нұркен Тұрлыбектің бірлескен жұмысы «Шәмші» спектаклі де көркемдік кеңесте талқыланды. Аталмыш қойылым ағымдағы жылдың сәуір айына жоспарланып отыр.
08.03
0