Меню KDT
info-cas.jpeg?_=1710436802

ТЕАТР ТУРАЛЫ

Ж.Аймауытов атындағы қазақ театры – бұл рухы мен мазмұны жағынан  қазіргі заманға сай, дәстүр мен заманауилық, ұлттық болмыс пен әлемдік контекст органикалық түрде тоғысқан кеңістік. Бұл репертуарлық моделі кең театр десек, артық етпес: бұл - өз ішінде үйлесімділік тудырып, оны көрерменіне, тіпті қаласы мен еліне жобалайтын шағын әлем. Бұл – азаматтардың алдындағы саналы азаматтық, әлеуметтік және көркемдік жауапкершілігі бар, арнайы бағдарламалар, пікірталастар, танымдық-шығармашылық жобалар мен қазіргі сахна тіліндегі қойылымдар арқылы өз дамуы мен азаматтардың дамуына бағытталған театр.

Ж.Аймауытов атындағы қазақ театры - зайырлы мемлекеттегі зайырлы театр. Оған адамдардың кез келген санатына жіктелуі мүлде жат. Біз жынысына, жасына, ұлтына, дініне, саяси көзқарасына, физикалық және психикалық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан барлығына ашықпыз және жұмыс істеуге қашан да әзірміз.  Театр – әр түрлі адамдар арасында сенім тудырып, қоғамның рухани саулығы үшін қызмет ететін орын екеніне нық сенімдіміз.

МЕКЕНЖАЙ:
Қазақстан, Павлодар қ., Ломов көш., 140.
КАССАНЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ УАҚЫТЫ:
СС-ЖС|12.00 – 18.30, ДС – демалыс
Тел.: +7 7182 31-02-06
ТЕАТРҒА ЖҮРЕТІН ТАСЫМАЛ ҚҰРАЛДАРЫ:
№ 21, 22, 24 Автобустар
№ 1, 5, 6, 7, 8, 11 Трамвайлар
№ 5, 57, 003 Бағдарлы такси