Меню KDT
info-cas.jpg?_=1712049740

ФЕСТИВАЛЬ

 «ЕРТІС-БАЯН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТЕАТР ФЕСТИВАЛІ

Қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытовтың 135-жылдық мерейтойына арналған І Республикалық «Ертіс-Баян» театр фестивалі Қазақстанның мемлекеттік кәсіби драма және музыка-драма театрларының фестивалі ретінде 2024 жылдың 20-25 қыркүйек аралығында Павлодар қаласында өтеді.  Жүлделер 2023-2024 жылдардағы театр маусымының қорытындысы бойынша конкурстық негізде беріледі.

ФЕСТИВАЛЬ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫ
- Павлодар облысының әкімдігі;
- Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер ісі басқармасы;
- Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры.

 ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
- Фестивальге 2023/2024 маусымында шығарылған спектакльдерге қатысуға рұқсат етіледі.
- Үлкенді-кішілі спектакльдері бар мемлекеттік драма және музыка - драма театрларының ұжымдарына қатысуға рұқсат етіледі.
- Өтінімдер 2024 жылдың 15 маусымына дейін қабылданады
- Фестиваль афишасы 2024 жылдың 25 маусымына дейін қалыптастырылады; Көрсетілген мерзімге дейін фестиваль дирекциясы конкурстық іріктеуден өткен театрларға шақыру хаттарын жібереді.
- Фестивальдің қорытынды афишасында Қазақстан Республикасының 10 театр ұжымы кіретін болады;

Өтінімді және қосымша материалдарды мына мекен-жайға жолдау қажет: e-mail: ertis_bayanfest@mail.ru

Фестивальге қатысу шарттары жайлы толық ақпаратты ФЕСТИВАЛЬ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕН біле аласыздар.
Фестивальдің қорытынды афишасымен ФЕСТИВАЛЬ АФИШАСЫНДА танысуға болады.