Меню KDT

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театрының ұжымы биылғы 35-ші маусымды тағы бір тамаша премьерамен аяқтайды

Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы биылғы 35-ші маусымды тағы бір тамаша премьерамен аяқтайды.
Кезекті премьера – әйгілі жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесті бойынша дайындалған драмалық қойылым.
«Атымды айта бастасам, тілім таңдайыма жабысып қалғандай болады да тұрады. Адамның атының сүйкімді болуы да зор бақыт па деймін...» деп басталатын повесті аға ұрпақ кезінде жата-жастана оқығаны мәлім.
Қазақ балалар әдебиетіндегі шоқтығы биік туындының желісі бойынша сахналанатын қойылымда Қожаның басынан өткізген оқиғалары, сондай-ақ достық пен мейірімділік сынды киелі ұғымдар дәріптеледі. Спектакль жасөспірім баланың мысалында ата-ана, мектеп және қоршаған орта арасындағы қарым-қатынасты ашып көрсетеді.
«Менің атым Қожа» драмасы биылғы жылдың 25, 26 маусым күндері сағат 18.30-да сахналанады.
Туынды авторы – Бердібек Соқпақбаев
Сахналық нұсқасының авторы  - Талғат Садықов
Сахналау тобы:
Қоюшы режиссер – Жангелді Садықов
Қоюшы суретші – Айсұлу Шарипова
Хормейстер – Елена Баторшина
Балетмейстер – Айгуль Дайырбаева
Режиссер ассистенті – Темірлан Мұқатай
Рольдер мен орындаушылар:
Қожа 1 – Бекнұр Дастан / Бауыржан Егінбай
Қожа 2 – Ақжол Дүйсенұлы
Жанар – Жанара Назикенова / Райхан Жұмақанова
Жантас – Темірлан Мұқатай / Жақсылық Әбдірашым
Сұлтан – Жасұлан Әмірхан / Бауыржан Манатбекұлы
Майқанова – Аида Садыкова / Айсұлу Балтабаева / Айгерім Сүлейменова
Миллат Қожаның анасы – Ақық Таспаева / Талжібек Атамбек
Әже – Қарлығаш Жексембаева / Дина Құспан
Рахманов ағай – Руслан Нығман / Нұржан Сарқамбаев
Анфиса Михайловна – Гүлжан Каирбекова / Құралай Мусанова
Жұмағұл – Дәурен Әділ / Бек Тоқатов
Әубәкір қария - Бек Тоқатов / Дәурен Әділ 
Қаратай - Нұржан Сарқамбаев / Руслан Нығман 
Дәулет – Иманжүсіп Амангелді / Музаффар Төлеубек
Көпшілік сахнада театр артисттері

15.06
0