Меню KDT

ЖАҢАЛЫҚТАР

Аймауытов актерлері гастрольдік сапармен Астана мен Қарағандыда болды

Ж. Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театры өткен аптаны гастрольдік сапарға арнады. Астана, Қарағанды және Теміртау қалаларында болып, жергілікті көрермендерге қызықты да мағыналы қойылымдар тарту етті. 
Атап айтқанда, 14-15 сәуір күндері театр труппасы Астана қаласына барып, Жастар театрында «Джудит жасаған қиын таңдау», «Ұждан» қойылымдарын, «Маугли» ертегісін сахналады.
16 сәуір күні өнер ұжымы Теміртау қаласының көрермендерін тәнті етсе, 17-18 сәуір күндері Қарағанды қаласындағы С.Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрының сахнасында қойылымдарын ұсынды.
Өнер сапарында театр актерлері республикалық БАҚ-тардың арнайы шақыртуын алып, бірнеше телехабарға түсті. Атап айтқанда, «Хабар» арнасының «Оян», «Qazaqstan» арнасының «Таңшолпан», «Абай ТВ» арнасының «Сарасөз», «Жібек жолы» арнасының «Бүгін live» хабарларының құрметті қонағы болды.
Гастрольдік сапар Аймауытов театрының ұжымы үшін өз көрермен аудиториясын кеңейтудегі кезекті қадамдардың бірі болғаны анық.
23.04
0