Меню KDT

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана мен Арқа жерінің ықыласы театрымызға айрықша қуат сыйлады

Аймауытов театрының Астана қаласы мен Қарағанды облысына жасаған гастрольдік сапары сәтті өтті. Өнер сапарында театр ұжымына ықылас танытып, қойылымдардың ойдағыдай жүруіне көмек қолын созған мекемелер мен азаматтарды атап өткенді жөн көрдік.
Ел жүрегі – Астанадағы екі күндік гастрольдік сапарымызда  театр труппасы Жастар театрында «Джудит жасаған қиын таңдау», «Ұждан» қойылымдарын, «Маугли» ертегісін сахналады. Гастрольдік сапардың соңында ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігінің және Астана қаласы әкімдігінің атынан ықылас гүлі табысталды. Сонымен қатар, ұжым ҚР Парламенті Сенатының депутаты Айткенов Ернұр Нұрмұханұлының Алғыс хатына ие болды.
Осы орайда біздің гастрольдік сапардың ойдағыдай өтуіне мүмкіндік берген Астана қаласы мәдениет басқармасының басшысы Мейірманқұлов Жаңабай Бердіқұлұлына, әріптестік қолдау білдірген Астана «Жастар» театрына және Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры ұжымына ризашылығымызды білдіреміз.
Ал Арқа жеріндегі құт мекен - Қарағандыдағы қойылымдарымыз да сәтімен өрілді.  Ыстық ықыласпен қарсы алған қарағандылық көрермендерге алғысымыз шексіз. Театр труппасы Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Қабдұлұлы Бөлекбаевтың ықылас гүліне және С.Сейфуллин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театрының Алғыс хатына ие болды.
25.04
0