ЖАҢАЛЫҚТАР

30 ШІЛДЕ – Халықаралық адам саудасымен күрес күні
Адам саудасы – бұл заманауи құлдықтың түрі. Ол:
▪️ Жезөкшелікке мәжбүрлеу
▪️ Еңбекті күштеп пайдалану
▪️ Қайыршылыққа итермелеу
▪️ Заңсыз бала асырап алу
▪️ Адам ағзаларын трансплантацияға алу сияқты ауыр қылмыстармен байланысты.
⚠️ Мұндай қылмыстардың белгілері:
* Құжаттарын алып қою
* Қозғалыс еркіндігін шектеу
* Психологиялық қысым
* Еңбек келісімшартының болмауы
* Қадағалауда жүру
🛑 Қылмыстың құрбаны болмас үшін:
▪️ Шетелге шығу/жұмыс істеу туралы ақпаратты тексеріңіз
▪️ Құжаттарыңызды бөгде адамдарға бермеңіз
▪️ Уәделерге сенбестен бұрын заңды жолдарды қарастырыңыз
📞 Егер өзіңіз немесе жақындарыңыз осындай жағдайға тап болса – дереу 102 нөміріне немесе 116 16 сенім телефонына хабарласыңыз.
23.06
0
0