ЖАҢАЛЫҚТАР

Көрермендерді маусымның алғашқы премьерасында күтеміз
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы 36-шы маусымдағы алғашқы премьераның тұсауын кескелі отыр.
Премьераның атауы - «МҰҒАЛІМ».
Ұстаз бейнесі. Ол – жүрегіне ғаламды сыйғызған тұлға. Әрбір сөзі – шәкіртке шамшырақ, әрбір ісі – болашаққа жол сілтер нұр. Мұғалім тағдыры арқылы біз адалдық пен мейірімнің, арман мен үміттің, жауапкершілік пен жанқиярлықтың сырын ұғынамыз. Бұл қойылым мұғалім, оқушы және ата-ана арасындағы мәселелердің шешімін табуға жол бастайды.
Қойылым авторы Қолғанат Мұрат, қоюшы-режиссер Әділет Ақанов, қоюшы-суретші Айсұлу Шарипова.
Әлеуметтік драма жанрындағы премьералық қойылым 21, 22 қазан күндеріне жоспарланған. Басталуы сағат 18:30-да.
Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры
17.10