РЕПЕРТУАР
БІЗ ТУРАЛЫ...Е.ТӘПЕНОВ АТЫНДАҒЫ КІШІ ЗАЛ 14+
ЛИРИКАЛЫҚ ДРАМА
АВТОРЫ: ОРАЛХАН БӨКЕЙ
РЕЖИССЕРІ: ЖАНГЕЛДІ САДЫҚОВ
ПРЕМЬЕРА БОЛҒАН УАҚЫТЫ: 28, 29 қараша 2025 ж.
ҚОЙЫЛЫМ ҰЗАҚТЫҒЫ: 1 сағ. 10 мин.
“Жылымық” – адам жүрегіндегі мейірім мен сағыныш, сүйіспеншілік пен кешірім жайлы сыр шертетін әсерлі драма. Қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің бұл туындысы – адамның рухани әлемін, өмірдің аязды сәттерінде де жылылық табуға ұмтылған жанның ішкі күресін бейнелейді. Қойылымда адам тағдыры, олардың өмірге, махаббатқа және бір-біріне деген сенімі көрініс табады. Суық қоғамда да адамды тірі ұстайтын күш – махаббат пен мейірім екенін спектакль әр көрінісінде сездіреді. “Жылымық” – бұл табиғаттағы көктемнің лебі ғана емес, адамдар арасындағы қатынастағы жылулықтың, жан дүниедегі махаббаттың қайта оянуы. Нағыз махаббаттың сырлы күшіне куә болыңыз!
САХНАЛАУ ТОБЫ:
Қоюшы режиссер – Жангелді Садықов
Пластика режиссері – Ақтілек Ақанова
Қоюшы суретші – Айсұлу Шарипова
Жанар – Жанара Назикенова
Жігіт – Ерасыл Ерланұлы

