Меню KDT

БАУЫРЖАН Манатбекұлы

Манатбекұлы Бауыржан 1995 жылы 17 тамыз айында Алматы облысы, Іле ауданы, Ақши ауылында  дүниеге келген. 2014 жылы Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрада-цирк колледжін режиссер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ж.Хаджиевтің шеберханасын «Драма театр әртісі» мамандығы бойынша бітірді. 2015 жылы Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласындағы Бибісара Бишеналиева атындағы өнер университетине жоғары білім алу үшін сырттай оқуын аяқтады. 2016 жылдан бері Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрында «Драма  əртісі» және труппа меңгерушісі болып қызмет атқаруда.

ТЕАТРДАҒЫ РОЛЬДЕРІ:

Орынбай/«Келіндер көтерілісі» Саид Ахмад

Жолбарыс сұлтан/«Малайсары Тархан»  Ж. Артықбаев

Тұзар/ «Қара Шекпен»  Г.Хугаев

Қияқ батыр/«Арқалық батыр» Ж.Шанин

Котэ/«Ханума» А.Цагарели

Бозөкпе/ «Ғасыр қасіреті»  Р. Отарбаев

Ермек/«Ғашықтар хикаясы»  Қ.Жүнісов

Сүлейман/«Аршын Мал Алан» У.Гаджибеков

Есет/«Пай-пай, жас жұбайлар-ай»  М.Қасенов 

Қодар/«Қозы көрпеш- Баян сұлу»  Ғ.Мүсірепов

Нарқоспақ/«Махаббат мұңы»  Т.Ахтанов

Абзал/ «Сыған серенадасы»  И.Сапарбай

Мұрагер/«Мұрагерлер» Д.Исабеков

Клеант/ «Сараң» Жан-Батист Мольер

Панкрацио/«Венециялық егіздер» К.Гольдони

Баянғали/«Адасқандар» К.Жұмабеков

Жігіт/«Əбілмансұр, Сабалақ, Абылай»  Ғ. Ештанаев

Əшірəлі/ «Ана - Жер Ана» Ш.Айтматов

Қозы/«Бəріненде қорқақ көжек»  Г.Бахтияров

Кедей/«Алдар көсе»   М.Əлібеков

Сойқан/«Қожа мен спорт» О.Əубакиров

Байжігіт/«Күш атасын танымас» М.Əлібеков

Спанч  боб/«Отпен ойнама»  Е.Пермяков

Түйе «Наурыз думан»  М.Ахманов

Принц / «Қар ханшасы»  Г.Андерсен

Данияр/ «Жәмила» Ш.Айтматов

Мұқағали/«Есіңе мені алғайсың» М.Мақатаев 

Айбол/«Алғашқы махаббат» Қ.Жүнісов

Бай/«Ұждан»  Ш.Құдайбердіұлы

Ричард/«Ричард ІІІ» У.Шекспир

КИНОДАҒЫ РОЛЬДЕРІ:

Сериал «Тар заман» 2017 жыл, роль: Жаһанша Досмухамметов, режиссер: Мұрат Бидосов.

Сериал «Қаламгер» 2018 жыл,  роль: Студент,  режиссер: Бақыттас Санитас.

Сериал «Сарбаз» 2019 жыл, роль: Ерғанат, режиссер: Асхат Мұсабай.

К/ф «Аға» 2020 жыл, роль: Лейтинант Диясов,  режиссер Фархат Серкебаев .

Сериал «Абай» 2020 жыл,  роль: Мұсабай көпес, режиссер: Мұрат Бидосов. К/ф «Бауыр» 2022 жыл,  роль: Әсет, режиссер: Шыңғыс Әбдібек.

ЖЕТІСТІКТЕРІ:

2022 жылы ҚР мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен;

2023 жылы «Шеберлік шыңы – 2023» атты мәдениет саласының жыл қорытындысы бойынша әкім грантымен марапатталды.